close
blog images

Қонақ келсе, құт келер

( 2.33 )
Қазақтың қанына сіңіп, табиғатына еніп кеткен қасиеттің бірі — қонақжайлық. Қазақ құдайы қонақ болып үйіне келген адамның дініне, теңіне, таныстығына қарамаған. Үйіне бас сұққан кез келген адамды күтіп жіберген. Жолаушы атаулы қазақ үйіндегі қонақасын «бөлінбегне еншім» деп есептеген. ⠀ Бұл дәстүрдің шығу төркіні бар. Алаш қартайған кезінде кезінде қолындағы бар дүниесін төртке бөліп, үш бөлігін үш баласына – Ұлы, Орта және Кіші жүзге берген екен. Ал өзінде қалған төртінші бөлікті қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қосыпты. Сондықтан аңыз бойынша әр жолаушыға қандай қазақ болсын тегін тамақ, жылы орын тағы басқа қамқорлықтар жасап тұруға міндетті болса керек. ⠀ Қонақжайлық – иманнан. Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләм өзінің бір хадисінде былай деген: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, қонағын құрметтесін». ⠀ Ислам дінінде қонақ күтудің мерзімі 3 күн, 3 түн. Яғни, үйіңізге қонақ боп келген кісіні 3 тәулік күткен абзал. Бірінші күні қонаққа үй иесі шамасы келгенше жақсылап ас-ауқат әзірлейді. Қалған екінші, үшінші күндері өзінің отбасына беретін күнделікті тамақты бере берсе, оқасы жоқ. Яғни, қонаққа арнайы мал сойып, ас әзірлемесе де болады. Ислам ғұламалары 3 күннен кейін үй иесі келген қонақты күтуін жалғастыра берсе, онысы садақа боп жазылатындығын айтқан. ⠀ Ислам дінін берік ұстанған халқымыз қонақ күту дәстүрін ежелден сақтағаны баршамызға мәлім. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады деп, үйіне қонақ келуін жақсылыққа, берекеге жорыған. Қонақ күту – сауапты амал. Ал ауызашар беру өз алдына игілікті іс. Бұл жайында келесі жазбамызда кеңінен тарқатамыз.

Пікірлер (1)

  • comment images
    17 желтоқсан, 2023 19:59:22

    Керемет