?Пандемияны есептемегенде, дәл қазіргідей мамыражай заман қазақ тарихында бола қоймаған шығар, сірә?! Керісінше карантиннің өзі, өміріміздің сәл саябырсып, өзімізге бір есеп беріп алуға мүмкіндік тудырғандай. ⠀
?Осы сәтте мынадай бір орынды сұрақтар туындайды: «Осы елдің перзенті ретінде оның болашағы мен дамуына қалай үлес қоса алам?», тіпті кейбіреулер «Менің қолымнан не келеді ғой дейсің?» - деп сауалды төтесінен қойып жатады.
?Алайда Қазақстанның әрбір азаматы бұл іске ат салыса алады. Ол үшін әрбір адам өзін тұлға ретінде қалыптастыруға, сан қырынан дамуға әрекет жасауы тиіс.
Елімізде адамның өзін дамытуы үшін барлық мүмкіндіктер көп. Тәуелсіздік туы желбіреген мына заман, әсіресе жас буын үшін емін-еркін дамып жетілетін кезең. Бар болғаны әркімнің өзіне қажеті мен керектісін таба білуі керек.
⠀
?Қай жерде, қай елде болмасын, даму талпыныссыз болмайды. Тек алға ұмтылу қажет. Биік мақсаттар қойып, соның жолында аянбай тер төгу керек. Адам өз болашағын қалай елестетсе, түбі ол соған жетеді. Бүгінгі қиял – ертеңгі шындық. Ертеңгі нәтиже бүгінгі ниетке байланысты.
⠀
?Сондықтан бүгінгі ниетімізді түзетіп, болашағымызды мәнді етіп елестету өте маңызды. Ниетсіз, мақсатсыз амал ету соқырлыққа ұқсайды. Қайда және не үшін кетіп бара жатқанын түсінбейді. Ал тек ниет етіп, әрекетке кіріспеу – ақсақтық немесе шолақтыққа ұқсайды. Ойлаған ойы мен діттеген межесі болса да, оған жетуі екіталай. Сондықтан адамның жеке дамуына шынай ниет (мақсат) пен талпыныс қажет. Абайша айтқанда «Бұлар – өз иждиһадiң бiрлән ниет халис бiрлән iзденсең ғана берiлетiн нәрселер, болмаса жоқ».
Пікірлер (1)
Керемет мотивация