close
blog images

КІСІ ДОСЫНЫҢ ДІНІНДЕ

( 0 )
?Досы көпті жау алмайды Ақылы көпті дау алмайды ⠀ ?Адам өмірін дос пен достықсыз елестету мүмкін емес. Досы мен достығына қарап адамға баға беруге болады. Досына қарайтынымыз оған көп әсер ететін басқа біреудің бола қоюы кемде кем. Достығына қарап жақын адамдарына жасайтын мәмілесін білуге болады.

?Адам жалғыз өмір сүре алмайтын жаратылыс. Табиғаты тұрғысынан алғанда бір-бірінің жәрдеміне, сүйемелдеуіне әрқашан мұқтаж. Әр уақытта қолдап, демеп отыратын бір-екі дос адамға керек-ақ.

?Достық әсіресе балалық шақта, жастық кезеңде көбірек өзекті. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын бала-шағасы, жұбайы сынды адамдар әр уақытта жанынан табылатындықтан досқа деген қажеттілікті сәл азырақ сезінуі мүмкін.

?Бірақ айналып келгенде сол жас кездегі достар адам өміріне үлкен өзгерістер енгізеді. Тіпті өмірлік бағыт-бағдарына ықпал ететін де осы кезеңдегі достық деп айтсақ артық айтқандық емес.

?Өмірдің ең лаулап тұрған кезеңінде басынан өтіп жатқандарын өзге үлкендермен бөліспесе де жанындағы жора-жолдастарымен бөліседі. Күнделікті өмірдің қызығын да, қиыншылығын да соларға айтады. Қандай да бір мәселенің шешімін жолдастары ұсынатындықтан, олардың қандай адам екендігі маңызды. Оның оң немесе теріс әсері міндетті түрде болады.

?Сондықтан дос таңдау дегеніміз – өмірлік бағытыңды белгілеу дегенді білдіреді. Пайғамбарымыздың саллаллаһу аләйһи уә сәлләм: «Адам – досының дінінде» деп айтуының сыры осында жатқан болса керек.