close
blog images

ҚАДІРЛІ БЕС НӘРСЕ

( 0 )
?«Әнфәл» сүресінің 24-аятында Жаратушы: «Уа, иман еткендер! Алла елшісі сендерді өздеріңе өмір сыйлайтын нәрсеге шақырғанында, Алла мен елшісінің шақыруын қабыл алыңдар…», – деп бұйырады. ⠀ ?Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамзатқа өмір сыйлайтын тағылымдары өте көп.

Сондай өмірлік өнегелердің бірі ретінде мына хадисті айтуға болады. Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің бір адамға былай дегенін жеткізеді:
«Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл (оны тиімді пайдалан): қарттық жеңбей тұрып жастық шақтың, ауру дендемей тұрып денсаулықтың, таршылыққа тап болмай тұрып байлықтың, көп жұмысқа тап болмай тұрып бос уақыттың, өлмей тұрып өмірдің қадірін біл».

?Бұл солуға таяған өсімдікке су беріп оған жан бітірген сияқты, қарайған көңілдерді нұрландырып, сөнуге бет алған рухтарға жарық беретін хадистердің бірі. Хадисте мұсылман адам өміріне селқос, салғырт қарамауы тиіс екені айтылған. Керісінше, қолында бар мүмкіндіктің бәрін бағалап, оның ешбірін қалт жібермей пайдаланып, белсенді өмір сүруге шақырады. Себебі хадисте айтылған бес нәрсе адамға уақытша аманат етіп берілгендіктен, оның қай-қайсысына болмасын бей-жай қарауға болмайды.

?Тіпті қияметтің белгісін көрсе де, қолындағы дәнді егуге бұйырылған мұсылман бұл дүниенің егіс алқабы екенін естен шығармай, ақыреттік азығының қамын жасауы тиіс.