close
blog images

МАҚСАТҚА ЖЕТУ ТӘСІЛІ

( 3.57 )
? Айша (р.а.) анамыз Пайғамбарға (с.а.с.) «Амалдардың ішіндегі Аллаға ең ұнамдысы қайсы?» деп сұрақ қойылғанын жеткізеді. Ол кісі: «Аз болса да жалғасты түрде үнемі жасалғаны» – деді және «Шамаларың келетін істермен шұғылданыңдар» – деді. (Бұхари) ⠀ ? Адам баласының үнемі жетіліп отыруы, алға жылжуы өте құптарлық іс. Алдына үлкен мақсат қойып, оған талпынуы ? адам өмірін баянды етеді.

✅ Ал осы мақсатқа жетудегі басты қағида – оны іске асыру үшін нақты қадам ?? жасап, жолға шығу. Ол жолда ? жүруді тоқтатпау. Аз болса да күнделікті ұзын қашықтықты жақындата беру.

❌ Бірден бәріне бір күнде жетем деп өзін шаршатса, ? басқа күндері жүрісін жалғастыруға шамасы келмей қалуы мүмкін. Одан да сорақысы, ол іске деген қызығушылығы сөніп, саяқтауы ықтимал.

? Жүз тал шиді қолмен бір мезетте сындыру қиын. Тіпті мүмкін емес те шығар. Бірақ ? шиді біртіндеп сындырса, бағанағы мүмкін емес істің қалай оңайласқанын байқауға болады.

?️ Бір тілді әп сәтте үйрене қою қиын. Алайда күніне бірнеше сөз үйреніп немесе күнделікті аз-аздан практика жасап отырса, алынбайтын қамал жоқ, жаңа тілді ?????? де меңгеруге болады.

☝️ Тағы бір басты назарға алынуы тиіс жайт – ол адамның өз шамасын ? нақты анықтауы. Жүрісті де бәсеңдетпейтін, өзін де шаршатпайтын орта жолды ? табу маңызды. Себебі өз шамасынан аз әрекет ету межелі жерді алыстатып, адамды қажытып ??‍♂️ жібереді. Жету мүмкін емес секілді көрінгендіктен, ықыласы төмендеп, нәтижеден үмітін үзеді.

? Қорыта келе, алға қойған мақсатымызға жету үшін аз да болса үнемі жалғасын тапқан істің оңға ? басатынын айтқымыз келеді. Бұлай істелген іс, әрине жақсы әрі сауапты амал болса, Алла тағаланың құзырында да сүйікті іс болады. Өйткені бұлай істеу Алла тағаланың жер ? бетіне орнатқан заңдылықтарына сәйкес амал ету болып есептеледі. ?

‼️ Өз тәжірибелеріңізден осылай аз-аздан жасап, үлкен белесті бағындырудың мысалдарын жазып өтсеңіздер?!