close
blog images

ҚҰЛ БОЛУ – ҚҰРМЕТ!

( 0 )
?Адам өзінің Жаратушыға құл екенін көбіне еркіндігін алға тартып, мойындамай жатады. Яғни «өз қалауым бойынша өмір сүруім керек» немесе «менің өмірім – менің таңдауым» дегендей. ⠀

?Адам баласы болмысынан мұқтаждығы көп жаратылыс. Күнделікті өмірде қажеттілігі мол екенін есінен шығарғандықтан осындай ойға келеді. Мысалы, оның өкпесі ауаға, көзі жарық сәулеге, асқазаны сансыз нығметтерге тіпті, тәні жердің тартылыс күшіне тәуелді екенін естен шығарады.

?Әйтпесе өз еркіммен өмір сүрем деп ешбір адам құс секілді ұшып кете алмасы анық. Жансыз жаратылыстар сияқты ауасыз өмір сүре алмасы белгілі. Енді осындай нәрселердің өзіне мұқтаж бола тұра, рухы ең көп қажет ететін – құлшылық мәселесін жоққа шығару өз жаратылысын түсінбеуден болса керек.

?Екіншіден, «құл болу» деген нәрсенің биік дәреже екенін білмеу де адамды Жаратушыға құл болудан қашуға итермелейді. Ал негізінде Жаратушыға құл болу, басқа барлық жаратылысқа құл болып кетуден сақтайтын қалқан.

?Мұның ең айқын дәлелін Алла тағала әзіреті Пайғамбарымызға Исра сапары туралы баяндаған аятта «құл» сөзін қолдану арқылы білдірген. Өзге пайғамбарлар қол жеткізе алмаған мұндай дәреженің Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уә сәлләмға берілгені туралы сөз болғанда оның тікелей атын атамай, «құл» сөзін қолдануының астарында үлкен бір сыр жатса керек.
Жаратушы барлығымызға шынайы құл болуды нәсіп қылсын.