✳️ Жақсының өзін де ішінара жақсы, жақсырақ немесе керемет деп бөліп қарастыруға болады. Ол өз кезегінде жағдай мен уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Сол себепті жағдай мен уақытқа қарамастан баршаны қамтитын ең керемет әмбебап амалды атқару да маңызды. Оны біз – әркімнің өз ісін кемел түрде атқаруы деп атасақ болатын шығар.
⠀
✳️ Әр азамат өз ісін жауапкершілікпен тиісінше орындаса, қоғам шапшаң дамып, қой үстінде бозторғай жұмртқалайтын заманға жетеріміз айқын. Мысалы, ұстаздар сабағы мен тәрбиесін тыңғылықты берсе, шәкірттер де өз кезегінде білімге ықыласпен ден қойса, саудагерлер ынсапты болып, таразыдан жемей, саудасын адал атқарса, дін қызметкерлері елге жақсы үлгі шашып, адамгершіліктің қандай болу керектігін көрсетсе т.б.
⠀
✳️ Жалпы қоғамдық өмірде маңызды емес міндет болмайды. Әр адамның өзіне түскен міндеті қоғам үшін айрықша маңызға ие. Игі істің үлкен-кішісі жоқ. Бәрі де маңызды. Кейде үлкен істі еңсерген адамның ықылас-ниеті таза болмай шығуы мүмкін. Немесе кішкентай ғана елеусіз бір істі ықыласпен атқарған пенде Хақтың разылығына кенелуі ықтимал.
⠀
✳️ Әр сала маманы өз міндетін жоғары деңгейде атқарып, шамасы жеткенше кәсіби жасауға талпынса, нәтиже шықпауы мүмкін емес.
Қоғам біздің рухани жағдайымыздың айнасы, ондағы келеңсіз жағдайдың орын алуы мен көбейуі біздің қоғам алдындағы міндеттерімізді дұрыс атқармауымыздан болуы әбден мүмкін.
ӘРКІМНІҢ ҮЛЕСІ МАҢЫЗДЫ
( 0 )
✳️ Жөн-жосығын біліп, көзін тауып, тиісінше атқарса, кез келген іс нәтижелі болады. Жақсы нәтиже күткен адам, соған сай тер төгіп, еңбек етіп, ізденеді. Жалпы жақсы амалдың түрі де, атқарылу формасы да көп. Кейде соның қайсысынан бастаймын деген сұрақ туады.