⚖️Табиғатта бір қарағанда зиянды болып көрінетін Алланың кейбір жаратылыстары бар. Алайда оның зиянынан пайдасы басым болғандықтан толығымен зиянды болып саналмайды. Мәселен, жаңбырдың пайдасы көп. Сонымен бірге сел, топан су басу секілді зиянды тұстары да бар. Енді сондай зияны бар екен деп жаңбырды толығымен жоққа шығарсақ, көп пайдадан қағылар едік.
⠀
⚖️Тағы бір мысал, зина жасау зиян деп шаһуатты түбегейлі жоққа шығарып, бұл бізге қажет емес десек, белгілі бір уақыттан соң адамзат ұрпағы үзіліп, ұрпақ жалғастығы тоқтауы мүмкін.
⠀
⚖️Не болмаса акушер дәрігер бір ер кісіге «не әйелің өледі, не балаң өледі, екеуін бірдей аман алып қалу мүмкін болмай тұр, дереу таңдау жасап, құжатқа қол қойыңыз» десе. Кімді өлімге қиюға мәжбүр болады?
Осындай жағдайда ислам екі зиянды таңдаудың зияны жеңілдеуін таңдауды ұсынады.
⠀
⚖️Мысалы өмірде көп кездесетін жағдай, көлікте келе жатқанда алдыңыздан кенет бала жүгіріп шықса, тізгінді басқа тарапқа бұрсаң, ағашқа соғыласың, бұрмасаң баланы қағасың дегендей.
ЕКІ НӘРСЕНІҢ ЗИЯНЫ АЗДАУЫН ТАҢДА
( 0 )
⚖️Шариғаттағы фиқһ негіздері (усул фиқһ) саласында зияны ауыр және зияны жеңіл деген мәселе қарастырылады. Негізінде жақсылықтың көбінде белгілі бір мөлшерде зиянның да болуы заңды құбылыс. Кейде үлкен зиянға тап болмас үшін әрі көптеген жақсылыққа қол жеткізу үшін зияны бар екі нәрсенің зияны аздауын таңдауға тура келеді. ⠀