close
blog images

ЖАМАНДЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ҮШ САТЫСЫ

( 0 )
? Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Араларыңнан кім бір жамандық көрсе, оны қолымен түзетсін. Бұған күші жетпесе, тілімен түзетсін. Бұған да күші жетпесе, жүрегімен айыптасын. Бірақ бұл – иманның ең әлсізі» дейді. (Бұхари) ⠀ Сүннет бізге жақсылыққа шақырып ?, жамандықтан тыюдың ? үш деңгейі бар екенін айтады:

1️⃣- Қандайда бір жамандық орын алса, оны қолмен ? тыю. Қоғамда белең алған жағымсыз құбылыстар мен арсыздықтарды қарапайым қоғам мүшесі ? ретінде жақсылықтың қалай жасалатынын көрсету арқылы тыя алады. Өзі жауапты болған істің дұрыс жасалуын қадағалау ☝️ арқылы жүзеге асырады. Егер балалы-шағалы ? болса, оларға жақсы тәрбие беру арқылы қоғамды өзгерте алады. Ал тікелей барып өзгерту, ол қолында құзіреті бар органдардың міндеті. Кез келген адам барып, қолымен өзгертуге тырысса, қоғамда бейберекетсіздік пен хаос орын алады. ?

2️⃣- Жамандықты адам тілімен ? өзгертуі. Бұл көбінесе ғалымдардың, зиялы қауым өкілдерінің ??‍? міндеті саналғанымен, кез келген адам әдептен озбастан, өз деңгейінде жасай алады. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюдың ? бұл түрі құзырлы орындарға жеткізумен де атқарылады. Ақындар қызыл тілімен, күйшілер қоңыр сазымен жеткізеді. Қалам ? арқалағандары осы аманатты қаламның ұшқыр ұшымен орындайды.

3️⃣- Адамгершілік моральға сыймайтын ? қылықтардың орын алып жатқанын көргенде жүрекпен қынжылу ?, іштей оған наразы болу. Мұсылман адамда ең кемі осы үшіншісі болу керек. ☝️ Өйткені жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюдың ең әлсіз түрі осы.

Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыя алатындай дәрежеде болу үшін адам өз жан дүниесін ? байытуы, білімін ? жетілдіруі, ерік-жігерін ? шыңдауы, үлгі болар тұлға ? ретінде қалыптасуы, ізгі амалдарды әдетке айналдыруы қажет.