?Негізінде, бұған дейін де алыс-жақын тарихта Алла тағала адамдардың арасынан өзіне елші таңдап, адамдарға нұсқау жіберіп келгенін еврей мен христиан арасындағы және Меккедегі көзі ашық адамдар білетін еді. Аяттағы «білетіндер» сөзі осыларға ишара етілген.
⠀
?Ал аят жалпы алғанда кез-келген мәселеде шешімін таппаған сұрақтардың жауабын сол саланы жақсы білетін, маман иелерінен сұрау керек екендігін еске салады. Ашық ақпараттық дәуірде өмір сүріп отырған біздің заманда ақпараттың көптігі соншалық, адамдар әлеуметтік желі мен жеке хабар алмасу чаттарында бір-бірін қаншама мәселеде білместікпен мәліметтің шын-өтірігіне мән берместен адамдарға жеткізіп, оларға қате нұсқау беріп жатыр.
⠀
?Пандемияның өршіп тұрған шағында бұл тіпті өзекті болып отыр. Себебі, індетке шалдығып о дүниеге аттанып кетіп жатқан жандарға қайсыбір адам теріс мағлұмат берген болса, оның обалы кімге тиеді деген маңызы зор болмыстық, этикалық сұрақ туындайды.
⠀
?Мәселенің мән-жайын дұрыс ақпарат көзінен алмай тұрып, ауыз өзімдікі деп сөйлей беруден және ол мәліметті жөн-жосықсыз тарата беруден сақ болып, жауапкершілікті сезіну – мұсылманшылықтың талабы.
БІЛМЕГЕНІҢДІ БІЛГЕН АДАМНАН СҰРА!
( 1 )
?«...Егер білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар» (16/43). Ұшбу аят Мекке мүшіріктерінің Мұхаммед алейһиссаламның Алланың пайғамбары екендігіне шүбә келтіріп, «Құдай неліктен өзіміз сияқты пендені елші етіп жіберді, одан да періште жөнелтпеді ме?» деген орынсыз уәждеріне жауап ретінде түскен.