close
blog images

Әбу Насыр Әл-Фараби

( 3.67 )
? Биыл ұлы даланың ұлы перзенттерінің бірі Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына байланысты әлемнің барлық зиялылары мерейтой қарсаңында түрлі шаралар өткізіп, көптеген халықаралық жиындарда баба есімі ұлықталып жатыр. Осы айдың соңында бұл шаралар тізбегі де мәресіне жетеді.

? Парақшамыздың оқырмандарын да бұл ұлы тұлғаның өшпейтін өсиеттерімен сусындату парызымыз деп білеміз. Төменде әл-Фараби бабамыздың «Қайырымды қала тұрғындары» атты еңбегінде ел басқаратын көшбасшының бойында болуы тиіс 12 қасиетті бөлісіп отырмыз. Бұл тек ел басқарушының ғана емес, сонымен қатар әр басшының тіпті, отағасының да өзіне үлгі етіп алуы тиіс алтын қағидалары деп білген жөн.

1️⃣ Бұл адамның дене мүшелері мүлде мінсіз болуы тиіс.
2️⃣ Көркем сөйлеу машығын меңгерген болу керек
3️⃣ Айтылған сөзді барлық мағынасына сай түсінетін зерек, ақылды және есте сақтау қабілеті жақсы болуы керек.

4️⃣ Үйренуге және үйретуге құштар болуы керек, тіпті соған берілген болуы шарт.
5️⃣ Жаратылысынан сауыққұмарлықтан, ішіп-жеуден, әйелқұмарлықтан аулақ жүріп, ондай әрекеттерге жирене қарағаны жөн.
6️⃣ Ақиқатты, шыншыл адамдарды сүйіп, өтірікшілер мен жалғанды жек көру.

7️⃣ Ұлылыққа, тектілікке жаны жақын, алтын-күміс атаулыға және дүниенің басқа да қызықтарына құштар болмағаны жақсы.
8️⃣ Жаратылысынан әділдікті, әділдік принципімен өмір сүретіндерді сүйіп, зұлымдық пен озбырлықты және осындай сипаттағы адамдарды жек көру.
9️⃣ Шындықты, Жаратылысынан әділдікті, әділдік принципімен өмір сүретіндерді әділеттілерді сүйіп, әділетсіздікшыншыл адамдарды жақсы көріп, өтірікті, жалған сөйлеушілерді жаратпау.

1️⃣0️⃣ Бойын пасық істерден аулақ ұстап, жан дүниесі игі істерге ынтызар болса игі.
1️⃣1️⃣ Орта жолды ұстанатын ынсапты, әділдік жасауға кедергі боларлық қырсықтықтың болмағаны және адамдар жамандыққа шақырса, оған еріп кетпейтіндей ұстамды болуы ләзім.
1️⃣2️⃣ Табиғатында батылдық, ержүректілік мінез басым болғаны дұрыс.