close
blog images

ОРТА ЖОЛ

( 4.25 )
?1903 жыл. АҚШ-тың әйгілі астрономы Саймон Ньюком (Simon Newcomb): «Ұшу – адам ешқашан еңсере алмайтын қияли нәрсе. Бұл мәселені ұмытқан дұрыс...» десе, 1910 жылға қарай Уильям Х. Пикериң (William H. Pickering) атты тағы бір астроном: «Адамдар Атлант мұхитының бір жағынан екінші жағына пароходтармен өте алғаны сияқты ұшатын машиналармен өте алатын күн келеді деп ойлайды... Бұл барып тұрған сандырақ» деген пікір айтады.

?Авиация саласына қатысты бұл ғалымдардың жасаған болжамы уақыт өте түкке тұрғысыз боп шықты. Керісінше адамзаттың көкте самғап ұшуы қалыпты жағдайға айналып, тіпті ғарышты игеру жолында әрқандай әрекеттер жасалып жатыр. Бұдан шығатын қорытынды қанша үлкен ғалым болсаңыз да, жасаған болжамыңыз негізсіз боп шығуы бек мүмкін.

?Ислам діні әрдайым кез-келген мәселеде орта жолды ұстануға шақырады. Ал орта жол адам баласын орасан зор қателіктерден тосады. Осы тұрғыда шариғатта ифрат және тәфрит деген екі ұғым бар. Ифрат – жақсы істі асыра сілтеп, өлшемнен тыс жасау. Тәфрит – керісінше жамандық жағын асырып жіберу. Екеуі де адамға зиянды. Ең абзалы – сол екеуінің ортасы яғни, орта жол.