Оның үстіне ғұламаның куниясындағы «Ибн Узлағ», «әл-Фараби», «әл-Түрки» деген тіркестер оның түркі халықтарының арасынан шыққанын және әскери қолбасшы отбасында дүниеге келгенін білдіреді. Куния деген ол кезде адамдардың жеке басының куәлігі секілді рөл атқарған.
▪️Қасиетті Құранның «Шура» сүресінің 38-аятында мұсылмандар жайлы айтқанда «Олар мәселелерін өзара ақылдасып/кеңесіп шешеді», – делінеді. Бұл ақылдасу жәй ғана кеңесу емес, оның белгілі бір шарттары, ақыл кеңес сұрайтын адамдарға қойылатын талаптар бар. Ол біз ойлағандай оңай емес.
▪️Осыдан он үш ғасыр бұрын өмір сүрген данышпанның ақылдасуға қатысты «Саясат туралы трактат» атты еңбегінде мынадай ой толғаған екен: Адам ойында жүрген жоспарлары туралы өзгелермен ой бөлісіп, кеңес алуы керек. Бұл жағдайда текті, көпті көрген, арлы, ақылгөй əрі кемеңгер жандарға ғана сыр ашуға тиіс. Өйткені ондай адамдар сенің сырыңды, алдағы жоспарларыңды жария етпейді.
▪️Біршама адаммен ақылдасып, кеңесін тыңдағаннан кейін, яғни ойға алған жоспарың пісіп, жетілгенде барып іске кірісу керек.
Ең алдымен берілген кеңестерді мұқият тыңдап, кеңес берушілердің тəжірибелеріне жіті назар салу әрі оған терең талдау жасау қажет. Міне, бұл ақылдасу алқасына қойып отырған бір ғана ғалымның талабы. Біздер ғалымдар мен ойшылдардың осындай құнды бағдарларын жеке мәселелерде болсын, қоғамдық істерде болсын назарда ұстасақ, ұтылмасымыз анық.