close
blog images

Жақсылардың әрекетсіздігі

( 0 )
❄️Дүние жаралғалы ақ пен қараның, жақсы мен жаманның тартысы жалғасып келеді. Қоғам болғаннан кейін ол жерде жақсылық та, жамандық та болып жатады. Кейде жамандықтың таразысы ауыр тартып кетеді.

❄️Біз қарапайым қисынға салып, жаман іске соны жасаған адамдарды ғана кінәлі деп есептеп, өзгелерді оған қатысы жоқтай көреміз. Ал негізінде кез келген жамандыққа қоғамның барлық мүшесі кінәлі болады екен. Әсіресе жамандықтың кең етек алуына басты себеп – жақсылардың қамсыздығы, әрекетсіздігі.

❄️Гитлер фашизмді жайып жатқан кезде, Германияның элитасы оған тосқауыл қойып қарсыласпады. Міне, мұның зардабын тұтас әлем тартты. Сондықтан бүгінгі таңда жаңа өсіп келе жатқан жас ұрпаққа дұрыс жөн сілтей алмасақ, олардың болашақта жасаған қателіктеріне тікелей болмаса да, жанама түрде кінәлілердің қатарында біз де боламыз.

❄️Қысқасы, жақсылар белсенді, сергек болуы керек. Жасалып жатқан зұлымдыққа, көркем тәсілмен тосқауыл жасауы тиіс.

❄️Жақсылар мүлгіп кетсе, жамандықтың жайылғаны жайылған. Жамандықты жайып жатқандар қай қоғамда да кездеседі. Есесіне біз де жақсылықты көбейтіп бағуымыз керек. Сонда ғана қоғамда баланс болады.