close
blog images

Игі сауда

( 4 )
☘️Бірде бір кісі Қожанасырды көріп қалып, оны сөзге тартыпты: – Қожеке қайда шықтыңыз? – Базарға. Сауда жасап келмекке. – Жұрт сізді тақыр кедей деуші еді. Қолыңызда не жетектеген малыңыз, не тауарыңыз жоқ, сонда не сатып, не алмақсыз? – Еее, шырағым, иесіне өз затын сатып, пайда тауып қайтпаймын ба? Оның несіне таң қаласың? – Иесіне өз затын сатқаны несі? Бұл қалай сонда?

– Иесі дегенім – Жаратқан, ал заты – мен яғни, жаным, тәнім, барым. Сол Иесінің айтқанындай етіп сатып келмекпін депті.

☘️Құранда Алла тағала мүміндерден малы мен жанын жәннатты беру арқылы сатып алды делінеді. Былай қарап тұрсаңыз сол малды да, жанды да беріп жатқан Өзі. Өзінің затын өзіне сатпай сараңдық таныту – нағыз ақымақтық болып шығады. Негізінде жанымыз бен малымызға иесінен артық ешкім баға бере алмайды. Қанша талпынсаңыз да артық дүниеге сата алмайсыз.

☘️Әрбіріміз күнделікті өмірде Алламен саудада жүрміз. Бізде екі түрлі таңдау бар, не қолымыздағы капиталымызды желге ұшырамыз немесе оны Жаратушыға сатып мәңгілік жоғалмастай етеміз. Баршамызға игі сауда нәсіп болсын.