close
blog images

Табиғаттағы тепе-теңдік

( 0 )
Жаратушы адамдардың әрқайсына әртүрлі қарым-қабілеттерді берген. Біреу физикалық тұрғыдан күшті болса, біреу моральдық тұрғыда күшті. Бір адам майын тамызып сөйлеуге шебер болса, екінші бір адам жазуға көбірек бейім. Біреу шапшаң, біреу жайбасар, бірақ тиянақты.

 Адам өзіне берілген қарым-қабілет пен мүмкіндікке қарай жауапкершілік арқалайды. Себебі, Жаратушы Құранда кісіге көтере алмайтын жүкті бермейміз деп анық айтқан.

 Мұның мысалын қоршаған ортадан да көруге болады. Жыртқыш хайуандар мен құстар жемтігін аулап жеуі үшін көп күш жұмсайды, жемтікпен біраз арпалысады. Ал отқоректі жануарларда оншалықты күш жоқ, бірақ ол та ризықсыз қалып жатқан жоқ. Оған ризығын тауып жеуге оншалықты күш қажет те емес, өз шама-шарқынша әрекет жасайды, сол арқылы оған ризық келеді. Ең әлсіз саналатын бактерияларды алып қарайық, олар былайша айтқанда дайын асты жеп жатады. Себебі, оның қауқары соған ғана жетеді.

 Енді ғана өмірге келген кішкентай сәбиді алайық. Оған Алла тағала екі қызметші (ата-ана) беріп қойған. Зыр жүгіріп, сәбиі үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. Жылы-жұмсақтың бәрін соның аузына тосады. Өзі аш болса да аузынан жырып, сәбиіне береді. Қандай еркелігін болса да көтереді. Мұны олар қорыққаннан жасамасы анық. Олардың көкейіне Құдай Тағала мейірім салып қойған. Оларды балаға қызмет жасатып жатқан сол мейірім.