close
blog images

Әптиек туралы не білесіз?

( 3.96 )
? Әптиек – мұсылманша сауат ашуға арналған оқулық түрі. Һәфтиек сөзі парсы тілінен аударғанда «жетіден бір» деген мағынаны білдіреді. Әптиек Құранның жетіден бір бөлігін, яғни соңғы жағын қамтиды. Ескі оқу тәртібі бойынша шәкірттер араб әліппесіндегі 28 қаріпті жекелеп жаттап болып, араб тілінің бастапқы ереже-қағидаларымен танысып, иманшарт оқып, Әптиектің сүресін бітіріп барып, Құранға түсетін болған. ⠀ ? Ертеректе дәстүрлі ортадағы мұсылмандардың сауат ашу деңгейі әртүрлі және оқыту әдісі күрделі болғандықтан, Әптиекті түгел игеру қиыншылық тудырған. Ал Әптиекті түгел түсініп, толық меңгерген шәкірттің Құранды және басқа да діни мәтіндерді танып кету мүмкіндігі жоғары болды.


? Бұл жерде Қазан төңкерісіне дейін және одан кейін де жеке кітапша түрінде жарық көрген Әптиектің қазақ даласындағы Жетісу жерінде ашылған «Мамания» сияқты мектеп-медреселерде арнайы оқытылған. Құран, мұхтасар, мухаммедия секілді пәндер қатарына енгізілгенін ерекше атап өткеніміз жөн.

✴️Әбу Бәкір Кердерінің:
?Тоғызға толғаннан соң молда көрдім,
Атаның күшіменен зорға көрдім.
Үйреніп әліп-әбжат, әдеп-әркен,
Айналып келесі жыл онға келдім.

?Оқуға он жасымда талап қылдым,
Ықыласпен оқыған соң сабақ білдім.
Сол жылы әптиек пен Құран шығып,
Ойынды қош айтысып талақ қылдым.

?Он бір мен он екіде түркі білдім,
Ғылымдық зирек жанның мүлкі білдім.
Шығарған мүсәннәфтар назым қылып,
Түркіні тәмәм тілдің көркі білдім.

?Он үште араб көрдім, түркі танып,
Ойландым насихатты жадыма алып.
Молдамыз әр мағынадан жол көрсетіп,
Түсірді мұқтасарға алып барып.

?Он төртте мұқтасарды араладым,
Әр баптан дәріс алып шамаладым, – дейтіні бар.

Пікірлер (3)

  • comment images
    12 сәуір, 2022 08:24:19

    Керемет мақала

  • comment images
    7 сәуір, 2022 12:26:57

    Мақала маған қатты ұнады

  • comment images
    20 наурыз, 2022 19:34:26

    Өте жақсы жазылған