close
blog images

БҮРКЕМЕЛІ АЙЛА-ТӘСІЛ

( 3.12 )
?Кедей адам бар өмірін әркімге бір жалтақтап, бір үзім нан табу үшін қиындықтардың ішінде өткізеді. Бала-шағасын жақсы оқу орындарында оқытуды армандайды. Бірақ әттең қол қысқа. Солардың бір күндік нанын тауып берсе, оған да шүкір! ⠀ ?Күлмейтін адам бола ма?! «Немесе күлкісіз өмір жоқ» демекші, кедейдің бір күлген сәтін көріп, тіпті олардың осы сәтін суретке түсіріп алып, солардың есебінен мал тауып отырған пысықай адамдар өздерінің ұрлығын бүркемелу үшін: «Міне, көрдіңдер ме! Бұлар кедей болса да бақытты! Мал-дүние, байлық – адамды бақытты ете алмайды», – деп, құдды бір жаңалық ашқандай жер жаһанға айғай салады. Сөйтеді де «кедейге қол ұшын беру» деген жауапкершілікті өздерінен ысырып тастайды.


?Бұл негізі – көп адам байқай бермейтін әдемі айла-тәсіл!
Шерхан Мұртаза ағамыздың тілімен айтсақ – бір кем дүние!
Құранның өзінде кедейлерге қол үшін беру, оларға зекет малын үлестіру – парыз етілген. Имам Шағрауидың тамаша бір сөзі бар: «Бір елде кедейлер болса, демек ол елде зекетін бермейтін, байлығын дұрыс жолға жұмсамайтын байлар бар деген сөз».

?Қоғамда іске асып жатқан мұндай әдемі айланың түрі көп. Соған алданып жүре бермес үшін өзімізді жан-жақты дамытайықшы, ағайын!!!