close
blog images

Нағыз жеңіс

( 3.47 )
?Нағыз жеңіс – қателік жасамауда емес, нағыз жеңіс – сол қателікті қайталамауда! ⠀ ?Қателікке бой алдырған кезде жеңіске апарар есік жабылып қалды деп уайымға салынба! Бәлкім сенің нағыз жеңісің сол қателіктен бастау алуы мүмкін. ⠀ ?Ең бастысы сол қателікті қайта жасаудан сақтан. Өйткені қайталанған қателік сенің өмірлік дағдыңа айналуға бір табан жақындай түседі. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Бұл жалпыға ортақ заңдылық. Алайда бір жасаған қателігін қайта жасамайтын адам аз. Бұл енді мықтылық пен әлсіздік мәселесі.

 

?Әлсіз адам жасаған қателігіне қайта-қайта ұрынып, оны мінезіне айналдырса, мықты адам үшін қателік ғибрат және мусор. Жиіркеніп бір қарайды да, енді қайтіп көрмейтіндей етіп лақтырып тастайды. Сіз қай санаттансыз?

Пікірлер (1)

  • comment images
    16 сәуір, 2022 20:39:27

    Мен мықтылардың санатындамын!