close
blog images

ДІНДІ КӨРКЕМ ҰСТАН

( 0 )
⚜️Бірде Қожанасырға көршісі келіп: – Қожеке, ана жақта бір арбаға тиелген алуа-шекер тәттілер кетіп барады, – депті ентіге сөйлеп. Қожекең самарқау кейіпте: – Маған оның не қатысы бар, – деп жауап беріпті. Көршісі күйіп-пісіп: – Оу, Қожеке, ол тәттіні сіздің үйге апара жатыр, – десе, Қожекең жұлып алғандай: – Олай болса сенің онда не шаруаң бар? – депті.

⚜️Ардақты пайғамбарымыздың осы мәселеге байланысты мынадай керемет хадисі бар: «Кісінің өзіне қатысы жоқ іске араласпауы – оның дінді көркем ұстанғандығының көрсеткіші» (Термизи).

⚜️Қарап отырсаңыз қарапайым ғана өсиет. Бірақ мұны практикада қолданып, бойға сіңірген адам өмірін жақсы арнаға бұрары сөзсіз. Бұл хадисті имам Науауи өзінің «әл-Уафи» атты әйгілі хадис жинағына қосқан. Бұл жинаққа ол тек өмірлік маңызы бар әмбебап хадистерді ғана жинақтаған.

⚜️Тілден, ойдан болатын қателіктер, жалпы бізді ішпей-жемей тегіс жерде күнәһар ететін әрекеттердің басым көпшілігі осы өзімізге қатысы жоқ істерге орынсыз бас сұғудың кесірінен болып жататыны белгілі.

⚜️Адам өзіне қатысы жоқ іспен шұғылдана бастаса, өзінің негізгі міндеттеріне энергиясы қалмай, шаруалары ақсай бастайды.