close
blog images

МЕН СӨЗІМДЕ ТҰРАМ..

( 0 )
?Бірде көршісі Қожанасырдан «Қожеке, осы сіз нешедесіз?» –деп сұрайды. Қожанасыр ағарған сақалын сипап тұрып: «Қырықтамын» – дейді. Көршісі бір сәт аңтарылып қалып: – Бұл қалай болғаны, Қожеке? Сіз он жыл бұрын да дәл осылай айтқан болатынсыз, – депті. Сонда Қожекең жымиып:

– Еее, көршім, сөзде тұрмай, тайқып кету бізге жараспайды. Егер сен осы сұрақты он жылдан кейін тағы қойсаң, мен дәл солай жауап беремін. Мен сөзімде тұратын адаммын, – деп жауап қатқан екен.

?Абдулла ибн Амр Ибн Астан (р.а.) риуаят етілгендей, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімнің бойында мына төрт әдет болса, ол адам екіжүзді болғаны:
1. Оған бір нәрсе сеніп тапсырылса, ол аманатқа қиянат жасайды;
2. Өтірік айтады;
3. Әлдекіммен келісім жасаса, сөзінде тұрмайды.
4. Дұшпандық еткен кезде шектен шығып кетеді». (Бұхари, Иман-24 Муслим, Иман-106)

?Бұл хадистен мұсылман адам бойын осы жаман қасиеттерден мейлінше аулақ ұстау керек деген қорытынды жасауға болады. Қожекеңнің қалжыңмен меңзегені де осы болса керек.