? Әптиек – мұсылманша сауат ашуға арналған оқулық түрі. Һәфтиек сөзі парсы тілінен аударғанда «жетіден бір» деген мағынаны білдіреді. Әптиек Құранның жетіден бір бөлігін, яғни соңғы жағын қамтиды. Ескі оқу тәртібі бойынша шәкірттер араб әліппесіндегі 28 қаріпті жекелеп жаттап болып, араб тілінің бастапқы ереже-қағидаларымен танысып, иманшарт оқып, Әптиектің сүресін бітіріп барып, Құранға түсетін болған. ⠀ ? Ертеректе дәстүрлі ортадағы мұсылмандардың сауат ашу деңгейі әртүрлі және оқыту әдісі күрделі болғандықтан, Әптиекті түгел игеру қиыншылық тудырған. Ал Әптиекті түгел түсініп, толық меңгерген шәкірттің Құранды және басқа да діни мәтіндерді танып кету мүмкіндігі жоғары болды.
әл-Фарабиді жалпы әлем жұртшылығы, философиямен айналысатын мамандар саяси-философиялық трактаттары арқылы танитыны белгілі. Алайда Фараби өзінің еңбектерінде қоғамда дұрыс саяси жүйе құруда және қоғамдағы жекелеген адамдардың шынайы бақытқа жетуін қамтамасыз етуде жасалу керек маңызды
Әбу Насыр әл-Фарабидің өз аты кім екенін адамдардың бәрі біле бермеуі мүмкін. Ол кісінің негізгі аты-жөні Мұхаммед ұлы Мұхаммед. Өткендегі жазбаларымыздың бірінде оның «әл-Мауғиза» атты еңбегіндегі бірнеше пікірге тоқталған болатынбыз. Осы жолы «Саясат жайлы трактат» атты кітабынан бірнеше мәселені бөліспекпіз.
? Биыл ұлы даланың ұлы перзенттерінің бірі Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына байланысты әлемнің барлық зиялылары мерейтой қарсаңында түрлі шаралар өткізіп, көптеген халықаралық жиындарда баба есімі ұлықталып жатыр. Осы айдың соңында бұл шаралар тізбегі де мәресіне жетеді.
?Отырардың тумасы, сұңғыла ғұлама, философ Әбу Насыр әл-Фараби жайында жалпылама білетініміз болмаса оны жақыннан тани бермейтініміз рас. Кейбір діндарлар арасында әл-Фараби жайында құдды бір терең зерттеу жасап тастағандай еркін пікір айта беретін үрдіс бар екенін байқауға болады.