?Отырардың тумасы, сұңғыла ғұлама, философ Әбу Насыр әл-Фараби жайында жалпылама білетініміз болмаса оны жақыннан тани бермейтініміз рас. Кейбір діндарлар арасында әл-Фараби жайында құдды бір терең зерттеу жасап тастағандай еркін пікір айта беретін үрдіс бар екенін байқауға болады.
?️Қызғаныш ұғымына Құранда «хасад» деген сөз қолданылады. Бірақ хадистерде қызғаныштың екі түрі болатыны айтылады. Екі түріне де араб тілінде «хасад» делінеді. Алайда қазақша баламасында қызғаныш пен қызығу деп беруге болады.
♒Адамның көзі тірісінде оны айналшықтап жанынан шықпайтын үш жолдасы болады дейді. Біріншісі – жиған-тергені мен тапқан-таянғаны яғни, мал-мүлкі. Екіншісі – туған-туыс, бала-шаға, жора-жолдасы. Үшіншісі – өмірде жасаған жақсы-жаман істері, амалы.
?Адам баласының ерекшеліктерін санап тауысу мүмкін емес. Бірақ кейбір дәуірлерде басымдыққа ие болатын ерекшеліктері болады. Мысалы, бұрынғы соғыс кезеңдерінде күш-қуаттың басым болғаны секілді. Адам баласы өмір сүрген уақытында жасаған амалдарына қарай ақыретке өздерінің амалдарының куәгерлерін бірге ала кетеді.
?Таным дүниедегі заттардың адам санасындағы бейнесі секілді нәрсе. Заттардың адам санасындағы бейнесі сол заттың түпкі мәніне сай болса бұл ДҰРЫС ТАНЫМ, ал олай болмаса БҰРЫС ТАНЫМ болады. Неліктен танымның дұрыс болуы маңызды?
?Қызғаныш дінімізде тыйым салынған сезімдердің бірі екені белгілі. Ол жайында айтылған хадистер өте көп. Мысалы, «Қызғаныштан аулақ болыңдар. Шынында, от отынды қалай жалмайтын болса, қызғаныш та сауаптарды солай жоқ қылады» – делінген.