✳️Биологиялық уақыт – ол адам баласына берілген жаратылыс заңдылығы. Адам баласы уақытқа бағынуға мәжбүр. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Кез келген іске тиесілі уақытына мән беретін болсақ, ұтымды нәтижелерге қол жеткізуге болады. Оны сақтау жақсы денсаулық кепілі екенін естен шағармаған абзал.
?Өз заманының ең үлкен ғұламасы имам Замахшаридің бір аяғында мүкісі бар, шолақ аяқ еді. Мұның себебін сұрағандарға ол былай жауап беретін: ⠀ ?«Бала күнімде ойнап жүріп аулаған құстарымның аяғына жіп байлап, ұша бергенде оңды-солды тартып қалып қызықтайтынмын. Анам осы әрекетімді көрген сайын ескертіп құсқа қиянат етуге болмайтынын ескертетін.
?Құран аяттарының кезең-кезеңімен 23 жылда түсірілгенін жақсы білеміз. Мұны ғылымда «тәдриж әдісі» дейді. Құранның бұлай түсуінің көптеген хикметтері бар. ⠀ ?Біріншіден, Құранның тұрақты әрі жүйелі түрде түсіп, 23 жылда толығымен тәмамдады мұсылмандарға бастаған істі жүйелі әрі соңына дейін тиянақты атқаруды үйретеді.
♏Әзіреті Мәулана бірде үйіне келсе баласының көңілсіз, жабырқаулы екенін байқайды. Не болғанын сұрайды. Баласы ашып ештеме айтпайды. Ары сұрайды, бері сұрайды, бала ашылмайды. ♏Содан соң Мәулана үйден шығып қораға кіреді де ол жерден қасқырдың терісін иығына жамылып алады.
?АҚШ мәдениетінің бір бөлшегіне айналып кеткен Black Friday науқаны (біздікілер мұны «Қара жұма» деп аударып жүр) 1952 жылдан бастап ресми түрде кең қолданысқа ене бастады. Америкалықтардың Thanks giving яғни, «алғыс айту» күні қараша айының төртінші бейсенбісінде аталып өтеді. Ол күні Америка халқы Құдайға, айналасындағы жанашыр жандарға алғыс айтып, отбасы мүшелері бас қосып, күркетауық етін жейді.
♊Ойлану – Тәңірдің пендесіне сыйлаған ең үлкен шарапаты десек артық айтқан болмаймыз. Адам баласының болмысы турасында философтар әртүрлі пікір білдірген. Солардың ішінен Аристотельдің «Адам – ойлана алатын жануар (Аnthropon logon echon)» деген цитатасы сан ғасырдан бері адамның күллі жаратылыс иелерінен дара, бірегей екендігін дөп басып айтқан және өзектілігін жоғалтпай келеді.
?️Өмірде адамның көптеген қажеттіліктері бар. Сол қажеттілікке жету жолында еңбек етіп, тер төгеді, білім алады. ⠀ ?️Қызығы сол, қажеттіліктің барлығы бір деңгейде бола бермейді. Кейбірі аса қажет, онсыз өмір сүре алмайсың. Ал кейбірі жай көңіл қалауынан туындайды. Ол болмаса да өмір сүре бересің.
⛎Өткен жазбамызда біз қызғаныш пен қызығудың ара-жігін ашып көрсеткендей болғанбыз. Одан ұққанымыз қызығуда тұрған ештеме жоқ, тек ол қызғанышқа ұласпаса болғаны деп түйгенбіз. Енді сол қызғаныштың адамға екі дүниеде беретін зиянына тоқталайық.
?Тазалық мәселесі – Құранның түсу реттілігі бойынша екінші боп түскен сүренің төртінші аятында айтылған. Уахидың түсу тарихының бастапқы кезеңінде айтылуы тазлалықтың қаншалықты маңызды екенін аңғартады.