? Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады. Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін». ⠀ ? Тіл адам баласына сөйлеу үшін берілген. Адамның томаға тұйық боп мүлдем сөйлемей қоюы да дұрыс емес. Себебі адам қоғамдасып өмір сүруге мұқтаж. Ал қоғам болуы үшін адамдар бірімен-бір араласуы, әсіресе сөйлесуі тиіс. Мысалы, дүкенге кіріп, заттардың бағасын сұрау, саудаласу немесе отбасында бала- шағасымен сөйлесу т.б.
⚫ Аларды біліп, бермегеннен без. Ел жұрты соңына ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без. Көптің айтқанына көнбегеннен без. (Төле би) ⠀ ⚫ Қазақ халқы ежелден қонақжай халық. Үйіне келген қонаққа жылы-жұмсақтың бәрін ұсынып, асты-үстіне түседі. Тіпті келген қонақты лауазымына, дәрежесіне қарай күткен. Мысалы, Абылай ханды үйінде қонақ етіп күткен Саңқай төре 115 тай сойған. ⠀
Қазақтың қанына сіңіп, табиғатына еніп кеткен қасиеттің бірі — қонақжайлық. Қазақ құдайы қонақ болып үйіне келген адамның дініне, теңіне, таныстығына қарамаған. Үйіне бас сұққан кез келген адамды күтіп жіберген. Жолаушы атаулы
Жалпы жаратылыста кездейсоқ деген нәрсе жоқ. Ғарыш кеңістігінде шамамен 300 миллиардтай галактика бар. Бұлардың әрқайсында 300 миллиардтай жұлдыз тағы бар. Олар бір-біріне соқтығыспай нәзік өлшеммен жүйелі түрде белгілі бір бағытта қозғалады. Жер осындай ұшы-қииыры жоқ кеңістіктегі саны жоқ ғарыштық денелердің бірі ғана. Әрқайсы миллиондаған тоннаны құрайтын бұл денелердің жылдамдығына ақыл жеткізу мүмкін емес.
Пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уә сәлләм өзінің бір хадисінде былай дейді:
✳️«Таспен ұрғанды аспен ұр». (мақал) Адамзаттың ардақтысы пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уә сәлләм бірде былай деді:
?Сахаба Әбу Дәрданың (р.а) Шам өлкесінде қазылық міндетін атқарып жүрген кезі еді. Бірде ол халықтың күнәһар бір адамды тілдеп, балағаттап жатқанын құлағы шалып, олардан: