?Пәтуә – Алланың үкімі. Ал «муфти» сөзі Алланың үкімін Алланың атынан мұсылмандарға айтушы деген мағынаға келеді. Пәтуә беру оңай іс емес, қандайда бір іс-әрекетте, жаңадан туындаған көптеген мәселелерде үкім айту бұл осы мәселеге шариғаттың не дейтінін жеткізу деген сөз. Бір әлсіз хадисте «Пәтуә беруге асыққандарың тозаққа асыққандарың» делінген. Бұл хадис осы істің ауыр екенін аңғартады.
?Адамзат тарихында түрлі мәдениет бой көтеріп, шарықтау кезеңіне жетіп, белгілі бір кезеңнен кейін құлдыраған. Бұған тарих беттері куә. Олардың көбі құлдырағаннан кейін қайта қалыпқа келе алмаған.
?Ислам қияметке дейін адамзатқа қызмет ететің, кәміл адам тәрбиелеуге бағыталған жүйе. Бұл дін ұлтқа бөлінбейді, барша ұлтқа ортақ. Әрі халықтың мәдениеті, әлеуметтік жағдайы және салт-дәстүріне қайшы келмейтін, яғни арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей адам өмірін реттейтін ғажап дін.
?Фиқһ – адам өмірін толығымен қамтитын ғылым саласы. Бала туылып бақилық болғанға дейінгі аралықта фиқһтан тыс өмір сүре алмайды. Бұл өміріміздегі барлық әрекетті қамтып, үкім беруге қауқарлы жүйе.
✳️Стресс – сырттан келген ыңғайсыз жағдайлардың себебінен адамның қалыпты жағдайдан тыс өзгеше күйі. Былайша айтқанда стресс рухани және физикалық ағзамыздың сыртқы әсерлерге қарсы реакциясы. Қорқыныш, қиял, ақыл және түйсік секілді стерсті де болымды жаққа қолдансақ, ол біздің кемшілігіміз емес, керісінше артықшылығымыз болады.
▪️Өмір болған соң проблема болмай тұрмайды. Бірі бітсе, екіншісі шығады дегендей. Мұндайда адам жаны қысылады, шығар жол іздеп тыпыршиды. Кейде үміті үзілуге шақ қалып, мұндай стрестен құтылудың жолы жоқ шығар деген ойға ерік береді. Алайда адамда мұндай машақаттан құтылудың жолдары бар. Соның біріншісі – иман.
? Иманда стрестің алдын алатын әлеует бар. Мұны түсіну үшін стрестің қайдан келетінін, оның түп төркіні қайда жатқандығына назар аударған жөн. Негізінде адамды стреске итермелейтін факторлардың бірі – жоқ болып кету деген уайым. Осындай себептен болған стресті мәңгілік мекен үшін жаратылған адам рухын жоқ болудан «құтқару операциясы» деуімізге болады. Сондықтан мақсаты дұрыс болғанмен қате түсінікпен, қате формада жасалған әрекет стрес тудырады.
⚖️Шариғаттағы фиқһ негіздері (усул фиқһ) саласында зияны ауыр және зияны жеңіл деген мәселе қарастырылады. Негізінде жақсылықтың көбінде белгілі бір мөлшерде зиянның да болуы заңды құбылыс. Кейде үлкен зиянға тап болмас үшін әрі көптеген жақсылыққа қол жеткізу үшін зияны бар екі нәрсенің зияны аздауын таңдауға тура келеді. ⠀
✳️ Жөн-жосығын біліп, көзін тауып, тиісінше атқарса, кез келген іс нәтижелі болады. Жақсы нәтиже күткен адам, соған сай тер төгіп, еңбек етіп, ізденеді. Жалпы жақсы амалдың түрі де, атқарылу формасы да көп. Кейде соның қайсысынан бастаймын деген сұрақ туады.