?Нағыз жеңіс – қателік жасамауда емес, нағыз жеңіс – сол қателікті қайталамауда! ⠀ ?Қателікке бой алдырған кезде жеңіске апарар есік жабылып қалды деп уайымға салынба! Бәлкім сенің нағыз жеңісің сол қателіктен бастау алуы мүмкін. ⠀ ?Ең бастысы сол қателікті қайта жасаудан сақтан. Өйткені қайталанған қателік сенің өмірлік дағдыңа айналуға бір табан жақындай түседі. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Бұл жалпыға ортақ заңдылық. Алайда бір жасаған қателігін қайта жасамайтын адам аз. Бұл енді мықтылық пен әлсіздік мәселесі.
? Адам баласы – өте қабілетті, ғажап жаратылыс. Сондықтан адам бір ғана жетістігіне алданбауы қажет. Басқа да қабілеттерін мейлінше ашуға талпынуы керек. Алла Тағаланың көркем есімдерінің шағылысы адамның бойынан көрініс табады. ⠀ ? Ұлы Жаратушының барлық есімдері ең кәміл дәрежеде. Мысалы, керемет Жаратушы болғаны секілді, керемет ризық беруші де. Абсалютті деңгейде әділ, әрі өте кешірімді. Әрбір жаратқан жаратылысын қай жағынан алып қарасаңыз да таңғажайып кереметті байқайсыз! Мысалы алманы алып қараңызшы: пішіні де, түсі де, дәмі де керемет. Теңдесі жоқ жаратылыс. ⠀
? Әптиек – мұсылманша сауат ашуға арналған оқулық түрі. Һәфтиек сөзі парсы тілінен аударғанда «жетіден бір» деген мағынаны білдіреді. Әптиек Құранның жетіден бір бөлігін, яғни соңғы жағын қамтиды. Ескі оқу тәртібі бойынша шәкірттер араб әліппесіндегі 28 қаріпті жекелеп жаттап болып, араб тілінің бастапқы ереже-қағидаларымен танысып, иманшарт оқып, Әптиектің сүресін бітіріп барып, Құранға түсетін болған. ⠀ ? Ертеректе дәстүрлі ортадағы мұсылмандардың сауат ашу деңгейі әртүрлі және оқыту әдісі күрделі болғандықтан, Әптиекті түгел игеру қиыншылық тудырған. Ал Әптиекті түгел түсініп, толық меңгерген шәкірттің Құранды және басқа да діни мәтіндерді танып кету мүмкіндігі жоғары болды.
? Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады. Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін». ⠀ ? Тіл адам баласына сөйлеу үшін берілген. Адамның томаға тұйық боп мүлдем сөйлемей қоюы да дұрыс емес. Себебі адам қоғамдасып өмір сүруге мұқтаж. Ал қоғам болуы үшін адамдар бірімен-бір араласуы, әсіресе сөйлесуі тиіс. Мысалы, дүкенге кіріп, заттардың бағасын сұрау, саудаласу немесе отбасында бала- шағасымен сөйлесу т.б.
?Кедей адам бар өмірін әркімге бір жалтақтап, бір үзім нан табу үшін қиындықтардың ішінде өткізеді. Бала-шағасын жақсы оқу орындарында оқытуды армандайды. Бірақ әттең қол қысқа. Солардың бір күндік нанын тауып берсе, оған да шүкір! ⠀ ?Күлмейтін адам бола ма?! «Немесе күлкісіз өмір жоқ» демекші, кедейдің бір күлген сәтін көріп, тіпті олардың осы сәтін суретке түсіріп алып, солардың есебінен мал тауып отырған пысықай адамдар өздерінің ұрлығын бүркемелу үшін: «Міне, көрдіңдер ме! Бұлар кедей болса да бақытты! Мал-дүние, байлық – адамды бақытты ете алмайды», – деп, құдды бір жаңалық ашқандай жер жаһанға айғай салады. Сөйтеді де «кедейге қол ұшын беру» деген жауапкершілікті өздерінен ысырып тастайды.
✴️Ораза жайлы сөз айтқан да, жазған ? да адам көп екені рас. Өйткені Алла Тағаланың хикметін айтып тауысу мүмкін емес... ⠀ ✴️Оразаның тағы бір қырын сөз етейік. Ораза – Пайғамбарымызды саллаллаһу аләйһи уә сәлләм миғражда Алланың құзырына шығарған құлшылық. Ол қалай? Ол былай болды. Жәбрейіл аләйһиссалам Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләмды ертіп көкке көтерілгенде өзі «Сидратул Мунтәһа» деген жерге дейін барып, ары қарай барса жанып жоқ болатынын ? айтып, Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләмнің өзін ғана жібереді.
⚫ Аларды біліп, бермегеннен без. Ел жұрты соңына ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без. Көптің айтқанына көнбегеннен без. (Төле би) ⠀ ⚫ Қазақ халқы ежелден қонақжай халық. Үйіне келген қонаққа жылы-жұмсақтың бәрін ұсынып, асты-үстіне түседі. Тіпті келген қонақты лауазымына, дәрежесіне қарай күткен. Мысалы, Абылай ханды үйінде қонақ етіп күткен Саңқай төре 115 тай сойған. ⠀
✴️Мұсылман мұсылман бауырын жақсы көруі керек. Ал қандайда бір қателіктерін көргенде, оған тек жанашырлықпен қарауы керек. Өйткені мұсылмандар бір тәннің ағазалары секілді. Біріне зақым келсе немесе ауырса басқа ағзалардың мазасы қашады. Тура сол секілді бір мұсылман қателессе, өзгелері сол қателікті көркем түрде түзеуге әрекеттенуі тиіс. ⠀ ✴️Әрине мұндай қателіктерді күшке салып, қорқыту, зекіп ақыл айту арқылы емес, сүйіншілеу, үміт сыйлау формасында жасауға барынша тырысу керек. Әйтпесе түзеймін деп керісінше бүлдіріп алуы әбден мүмкін. Пайғамбарымыз мұсылманның мұсылманға үш күннен артық ренжіп жүруіне болмайтынын айтқан. Бұл хадистің астарында әлгіндей қателіктердің тез арада түзетілуі жатса керек.
✴️Алла Тағала Рамазан айын қасиетті Құранды ? түсіріп бастауымен қадірлі еткен. Кейін дәл осы айда ораза ұстауды парыз етті. ⠀ ✴️Біз неге ораза ұстаймыз?.. Денсаулыққа пайдалы ?, арықтауға көмектеседі, Райан жаннатына ? кіруге мүмкіндік, достарым ұстайды, ата-анам ұстайды... емес! Ең басты, жалғыз ниетіміз - Алла ☝️ парыз еткені үшін ұстауымыз қажет! Бұл ең кәміл ниет болмақ!