✴️Ораза жайлы сөз айтқан да, жазған ? да адам көп екені рас. Өйткені Алла Тағаланың хикметін айтып тауысу мүмкін емес... ⠀ ✴️Оразаның тағы бір қырын сөз етейік. Ораза – Пайғамбарымызды саллаллаһу аләйһи уә сәлләм миғражда Алланың құзырына шығарған құлшылық. Ол қалай? Ол былай болды. Жәбрейіл аләйһиссалам Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләмды ертіп көкке көтерілгенде өзі «Сидратул Мунтәһа» деген жерге дейін барып, ары қарай барса жанып жоқ болатынын ? айтып, Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләмнің өзін ғана жібереді.
✴️Алла Тағала Рамазан айын қасиетті Құранды ? түсіріп бастауымен қадірлі еткен. Кейін дәл осы айда ораза ұстауды парыз етті. ⠀ ✴️Біз неге ораза ұстаймыз?.. Денсаулыққа пайдалы ?, арықтауға көмектеседі, Райан жаннатына ? кіруге мүмкіндік, достарым ұстайды, ата-анам ұстайды... емес! Ең басты, жалғыз ниетіміз - Алла ☝️ парыз еткені үшін ұстауымыз қажет! Бұл ең кәміл ниет болмақ!
?Құранда «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді. Бәлкім сол арқылы тақуалыққа қол жеткізерсіңдер» (2:183) делінеді. Аят христиандық, иудаизм секілді Исламға дейінгі сәмәуи діндерде де ораза секілді құлшылықтың болғанын айтып отыр. Бұдан бөлек біз дін атаулының бәрінде де ашығу арқылы адамның нәпсісін тізгіндейтін ораза құлшылығы болғанын білеміз.
Рамазан айының алғашқы ондығы да тамамдалып қалды. Ораза айы ? болуымен ерекшеленген, барлығы білетін Рамазан... Шынымен де бір нұр ✨ шашқан ай! Ерекше ай... Бірақ... Бірақ жай көзбен ? қарағанда ерекшелігін көру мүмкін бе?! Рамазан айы екен деп ай ? өзгеше тумайды, күн ? басқаша шыға қоймайды...
Жалпы кез келген құлшылық адамды Жаратушымен байланысын қалпына келтіруге жұмыс жасауы керек. Оның түпкі мақсаты, функциясы сол. Намаз адамды 5-10 минутқа мына тіршіліктен қол үзіп, Құдай тағаламен байланысқа түсіреді. Осылайша 5 уақыт намаз дүние
Оразаны алғаш ұстай бастаған күндері ағза қиналып, тыпыршиды. Уақыт өте келе соған көндіге бастайды. Тағы біршама уақыттан кейін одан рухани ләззат ала бастайды. Әдетте біз Рамазанның орта тұсында немесе соңына қарай оның рухани аурасын шынайы сезіне бастаймыз. Бірақ
?Әйгілі Лұқпан хакімнің ұлына айтқан көп насихатының бірі мынау: «Әй, балақай! Құдайға серік қоспа! Негізінде бұл – зұлымдықтың/қиянаттың ең үлкені» (31:13).
✳️Қарыз – адам өмірінде мүлде өзектілігін жоймайтын тақырыптың бірі. Себебі, адам кейде қарыз алуға мұқтаж болады, ал кейде өзге адамдарға қол ұшын созу мақсатында қарыз береді. Ал кей кездері тіпті адамдар арасындағы қарыз алу, қарыз беру процестеріне куә болатын сәттері де кездеседі.
?«Бисмилә» – барлық жақсылық пен берекенің бастауы. «Бисмилә» – Алланың атымен деген мағынаны білдіреді. Жаратушының шарапатты есімімен басталған барлық амал берекеге толып, пайдасы осы дүниемен шектелмей, ақыретте жалғасын табады.