әл-Фарабиді жалпы әлем жұртшылығы, философиямен айналысатын мамандар саяси-философиялық трактаттары арқылы танитыны белгілі. Алайда Фараби өзінің еңбектерінде қоғамда дұрыс саяси жүйе құруда және қоғамдағы жекелеген адамдардың шынайы бақытқа жетуін қамтамасыз етуде жасалу керек маңызды
«Ғалымның хаты өлмейді, ұстаның заты өлмейді», – деген халық тәмсілі бар. Жалпы адам жаны мәңгілікке құштар келеді ғой. Сол себепті кей кезде ішіміздегі алапат оттай осы сезімді дұрыс бағыттай алмаған көптеген рухтар адасып немесе тар қапасқа қамалып қалып жатады. Бәз біреулер өлместің дәрісін іздеп бағып, кейбір бейбақтар қолындағы билік пен байлық соған жеткізеді деп өзін-өзі алдап жүргенде өмірі түгесіледі.
▪️Фараб аймағының «Уасиж» деген елді-мекенінде дүниеге келген Әбу Насыр әл-Фарабиді бүгінгі таңда ол туған топырақта өмір сүріп жатқан қазақ халқының басым көпшілігі ол туралы біле бермейді. Ойшылдың өмір баянын зерттеген ғалымдар бір ауыздан оның Фараб аймағынан шыққандығын мойындайды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің өз аты кім екенін адамдардың бәрі біле бермеуі мүмкін. Ол кісінің негізгі аты-жөні Мұхаммед ұлы Мұхаммед. Өткендегі жазбаларымыздың бірінде оның «әл-Мауғиза» атты еңбегіндегі бірнеше пікірге тоқталған болатынбыз. Осы жолы «Саясат жайлы трактат» атты кітабынан бірнеше мәселені бөліспекпіз.
?Технологияның қарқынды дамыған және адамзаттың барған сайын көптеген дүниеге құдіреті жете түскен осынау заманда құдайға құлшылық жасап, мінәжәт қылып жүрген адамның ісін ескінің әдеті, түкке пайдасы жоқ құр әуре секілді көру – заманауи трендтердің бірі болып келеді. Осы түсініктің қалыптасып, қоғамға тарауында екі негізгі қателік бар.
?Қожанасыр бір күні көшеде аяңдап келе жатса, анадайда үш бала бір нәрсені бөлісе алмай қызыл кеңірдек болып дауласып жатады. Қожекең ақырын құлағын түріп, көз қиығымен қараса әлгі үш бала жаңғаққа таласып жатыр екен. Қолдарындағы он тал жаңғақты үш адамға тең бөле алмай әлек болып жатқан көрінеді.
?«...Егер білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар» (16/43). Ұшбу аят Мекке мүшіріктерінің Мұхаммед алейһиссаламның Алланың пайғамбары екендігіне шүбә келтіріп, «Құдай неліктен өзіміз сияқты пендені елші етіп жіберді, одан да періште жөнелтпеді ме?» деген орынсыз уәждеріне жауап ретінде түскен.
?Бірде көршісі Қожанасырдан «Қожеке, осы сіз нешедесіз?» –деп сұрайды. Қожанасыр ағарған сақалын сипап тұрып: «Қырықтамын» – дейді. Көршісі бір сәт аңтарылып қалып: – Бұл қалай болғаны, Қожеке? Сіз он жыл бұрын да дәл осылай айтқан болатынсыз, – депті. Сонда Қожекең жымиып:
⚜️Бірде Қожанасырға көршісі келіп: – Қожеке, ана жақта бір арбаға тиелген алуа-шекер тәттілер кетіп барады, – депті ентіге сөйлеп. Қожекең самарқау кейіпте: – Маған оның не қатысы бар, – деп жауап беріпті. Көршісі күйіп-пісіп: – Оу, Қожеке, ол тәттіні сіздің үйге апара жатыр, – десе, Қожекең жұлып алғандай: – Олай болса сенің онда не шаруаң бар? – депті.