?Әйгілі Лұқпан хакімнің ұлына айтқан көп насихатының бірі мынау: «Әй, балақай! Құдайға серік қоспа! Негізінде бұл – зұлымдықтың/қиянаттың ең үлкені» (31:13).
?Көзге көрінбейтін атомнан бастап үлкен-үлкен жұлдыздарға дейін барлық жаратылыстар үнемі жаңарып отыру арқылы тіршілігін жалғастырады. Табиғат та көктемде жаңарып, күзде ескі киімін шешіп, келесі жаңаруға дайындық жасап отырады. Микро әлемнен макро әлемге дейінгі барлық жаратылыстар, хайуанаттар, өсімдіктер, жәндіктер т.б. үнемі өзгеріске ұшырап жаңарып отырады.
?Адам өмірінің әр кезеңі өзінше мәнге ие. Әр кезеңнің өзіне тән қызығы мен қиындығы бар. Соның ішінде жастық шақтың орны ерекше. Жалпы өмірдің ең маңызды әрі қызыққа толы кезі – жастық шақ. Себебі жастық шақта үйренген білім мен жинаған тәжірибе тасқа қашалған жазу іспетті. Оңайлықпен ұмытылмайды.
?Адам баласы өмір сүріп, өзіне тиісті міндеттерін атқаруы үшін оған аса қажет нәрсенің бірі – денсаулық. Ол бізге Жаратушы иемізден берілген үлкен сый, аманат. Оны дұрыс іске, игі мақсатта қолдану сіз бен біздің адамдық борышымыз.
✳️Қарыз – адам өмірінде мүлде өзектілігін жоймайтын тақырыптың бірі. Себебі, адам кейде қарыз алуға мұқтаж болады, ал кейде өзге адамдарға қол ұшын созу мақсатында қарыз береді. Ал кей кездері тіпті адамдар арасындағы қарыз алу, қарыз беру процестеріне куә болатын сәттері де кездеседі.
?«Бисмилә» – барлық жақсылық пен берекенің бастауы. «Бисмилә» – Алланың атымен деген мағынаны білдіреді. Жаратушының шарапатты есімімен басталған барлық амал берекеге толып, пайдасы осы дүниемен шектелмей, ақыретте жалғасын табады.
?Құрандағы әр сүренің нақты бір көтерген мәселесі бар. Мәселен, «Піл» сүресінде қасиетті нәрсеге шабуыл жасау абырой әпермейтін іс екендігі айтылады. Оқиға былай басталған:
?Баяғыда бір ұстазымыз айтқан еді «Бір істі бастаған адамның бағасы – ол істі қалай аяқтағанмен өлшенеді» деп. Ал Абайдың өлшеміне салсақ: «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша аяқтағанымен емес». Демек, осы екі философиялық ойды ұштастыратын болсақ, мынадай қағида шығады:
?Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллаллаһу аләйһи уә сәлләм бір хадисінде былай деген: «Зәмзәмді не мақсатта ішсең, сол мақсатқа жетуіңе сеп болады. Оны ем үшін ішсең, сені Алла емдейді; егер тамақ деп үшін ішсең, Алла сені тойдырады; ал егер де шөліңді басу үшін ішсең, Алла шөліңді басады; егер де жәрдем тілеп ішсең, Алла саған жәрдем береді».