Әбу Насыр әл-Фарабидің өз аты кім екенін адамдардың бәрі біле бермеуі мүмкін. Ол кісінің негізгі аты-жөні Мұхаммед ұлы Мұхаммед. Өткендегі жазбаларымыздың бірінде оның «әл-Мауғиза» атты еңбегіндегі бірнеше пікірге тоқталған болатынбыз. Осы жолы «Саясат жайлы трактат» атты кітабынан бірнеше мәселені бөліспекпіз.
?Мұсылмандық дүниетаным бойынша жансыз заттардың да жады бар. Пайғамбарымыздың «Ухуд тауы бізді жақсы көреді, біз де оны жақсы көреміз» дегені бар. Яғни, біздің игі істерімізге Ухуд тауы куә дегені. Біз неліктен мешітте намазды әртүрлі жерде оқимыз? Оқыған намазымызға сол жер куә болсын дейміз. Алла елшісі тауға шыққанда екі рәкат намаз оқитын.
?Ыстық тамаққа үрлемеген абзал Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы, екі дүние сардары Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уә сәлләмның өмірі толған ғибрат, өнеге. Ибн Аббастан жеткен бір хадисте: «Алла елшісі саллаллаһу аләйһи уә сәлләм тамаққа және сусынға үрлеуден тыйды», – деген. Хадиске медицина тұрғысынан қарап көрсек:
(Ислам әлеміне аты әйгілі ғалым Рамазан Бутидың әңгімесінен) ?Ақшам уақыты... Әдеттегідей намазымды оқып мешіт ауласына шықтым. Айнала тып-тыныш. Ымырт үйіріліп кеш батқан соң да болар, көңілім құлазып тұр. Жүзімде де қуаныштан гөрі терең мұңның салмағы басым. Баяу ғана кештің самал желі есуде. Кеудемді желдің өтіне бұрып терең тыныс алдым.
?Пәтуә – Алланың үкімі. Ал «муфти» сөзі Алланың үкімін Алланың атынан мұсылмандарға айтушы деген мағынаға келеді. Пәтуә беру оңай іс емес, қандайда бір іс-әрекетте, жаңадан туындаған көптеген мәселелерде үкім айту бұл осы мәселеге шариғаттың не дейтінін жеткізу деген сөз. Бір әлсіз хадисте «Пәтуә беруге асыққандарың тозаққа асыққандарың» делінген. Бұл хадис осы істің ауыр екенін аңғартады.
?Жаратушы адамның бойына миллиондаған қабілеттерді салған. Біз соның бірін дұрыс, бірін бұрыс деп жатамыз. Ал шынтуайтында әр қабілетті, әр қасиетті өз орнында қолданса жайдан жай берілмегендігін көреміз. Алла адам бойына даттау мен ақтауды қоса салған. Осы екі қабілетті орынды қолданбаса зиянды қасиет болып шыға келеді.
?Ерте, ерте, ертеде... өзіне еш нәрсе жақпайтын, өмірінің әр сәтіне шағымдана беретін жылауық қыз болыпты. Оның айтуынша өмір деген қиын, айналасының бәрі жаман. Өмірде бір мәселенің күрмеуі шешілсе, келесі бір қиыншылық дайын тұрады деп ойлайды ол. Бұл қыздың әкесі аспаз еді. Бірде әкесі қызын ас үйге шақырып алып, оған мынадай мысал беріп, әлденені ұқтырмақ болады.
?Адамзат тарихында түрлі мәдениет бой көтеріп, шарықтау кезеңіне жетіп, белгілі бір кезеңнен кейін құлдыраған. Бұған тарих беттері куә. Олардың көбі құлдырағаннан кейін қайта қалыпқа келе алмаған.
?Мұсылмандар арасында «Құранда барлық нәрсе жазылып қойған» деген сөз жиі айтылады. Бұл бір қарағанда әсірелеп айтылған сөз секілді көрінеді. Бірақ мұның негізі бар. ⠀ ?Бірде бір мұсылманнан өзге дін өкілі: – Осы сендер Құранда барлық нәрсе жазылған деп айтасыңдар.