«Дін – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Құдайдың дүние, ақыретке қатысты ережелері мен заңдарының жиынтығы», «Дін деген адамдардың тылсым күштерге, қасиетті санаған нәрселеріне немесе Құдайға сеніп, табыну формасында көрініс табатын тылсым құбылыс». ⠀ Осылай жалғастыра беруге болады. Жалпы дін ұғымына ғалымдар тарапынан жүздеген анықтамалар берілген.
? Құрандағы кейбір сүрелердің басында бірігіп жазылса да бөлек оқылатын әріптерді байқаймыз. Бұл әріптер «муқаттаға әріптері» деп аталады. Яғни бір-бірінен бөлінген деген мағынада. ⠀ ? Мысалы: «Бақара» сүресінің бірінші аяты «الم» «Әлиф, Ләм, Мим» «муқаттаға» әріптерінен тұрады. Бұл тектес әріптер «Бақара» сүресінен басқа жиырма сегіз сүреде бар.
?«Тәуәссул» араб тілінде біреуді немесе бір нәрсені себепкер ету деген мағынаны білдіретін сөз. Мысалы: екінші қабатқа шығу үшін сатыны, жұмысқа кіру үшін бір танысын себепкер ету секілді. Бірақ біз бұл ұғымның тікелей мағынасын емес, жанама мағынасы жайлы сөз етпекпіз.
?Шөлде өмір сүретін бәдәуи сахарада жалғыз тұрса киім жуу, тамақ әзірлеу, егін егу секілді тұрмыстық шаруаларды жалғыз өзі істеуге мәжбүр болады. Ал дәл сол адам қалада немесе белгілі бір елді-мекенде болса, аталмыш іс-әрекеттермен өзгелер айналысып, бұл солардың сервисіне жүгінер еді. Соның нәтижесінде өзі нақты бір іспен шұғылданып, сол істің маманы боп қалыптасуға мүмкіндігі алар еді.
?Сен өзіңді кішкентай бір жаратылысқа теңейсің, Біле білсең, сенде әлемді өзгертіп жібере алатын ғажайып, үлкен күш жатыр! Әзірет Али (р.а.) ⠀ ?Қандай керемет айтылған сөз! Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тәрбиесін көрген ардақты сахабалар өздеріне де, айналасындағы адамдарға да осындай өлшеммен қараған еді.
?Қанша дегенмен пендеміз ғой күнделікті өмірде бәріміз міндетті түрде адамдармен мінез қайшылығына түсіп жатамыз. Тіпті кейде мінезі салмақты, ешкімде шаруасы жоқ адамның өзін кейбір адамдар ұнатпай, онымен қақтығысып қалып жатады. Осындайда жалпы барлық адамға бірдей ұнау, баршаға бірдей жағу мүмкін бе деген сұрақ туындайды.
?Зейінді бір жерге шоғырландыру уақыт өткен сайын қиындап бара жатқаны белгілі. Өйткені біз ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Толассыз ақпараттан көз алып жүру тіпті мүмкін емес. Ақпаратты сіз іздемесеңіз де, ол сізді өзі тауып келеді. Көшедегі түрлі плакаттар мен үлкен экрандардағы жарнамалар көздің жауын алады. Телефонды қолымызға ала қалсақ болды келіп түскен хаттар мен түрлі жарнамаға көміліп қаламыз.
?Шүкір мен сабырдың шынайы мағынасын түсінген адам үшін бұл дүниенің өзі кең пейіш. Өйткені адам баласына берілген жақсылықтар саны шексіз. Мына жарық дүниеге келуі, көз, құлақ арқылы осы әлемнің әсемдіктерін танып білуі, түрлі қабілет пен ой-сананың берілуі – әрқайсысы өз алдына үлкен сый.
⚜️Алла Тағала «Тин» сүресінде «Біз адам баласын ең көркем бейнеде жараттық» дейді. Адам ағзасындағы жасушалардың кезең-кезеңімен жаңарып отыруы, сырттан келген зиянды нәрселермен күресіп, оны жоюы – оның көркем жаратылғанын аңғартады.