?Қанша дегенмен пендеміз ғой күнделікті өмірде бәріміз міндетті түрде адамдармен мінез қайшылығына түсіп жатамыз. Тіпті кейде мінезі салмақты, ешкімде шаруасы жоқ адамның өзін кейбір адамдар ұнатпай, онымен қақтығысып қалып жатады. Осындайда жалпы барлық адамға бірдей ұнау, баршаға бірдей жағу мүмкін бе деген сұрақ туындайды.
?Мына әлемнің заңдылықтары, үндестігі мен саналуандығы өз алдына бір әуез іспетті. Сарқырап аққан судың сыңғыры, жаңбырлы күні аспанның күркірегені, дауылды желдің соққаны, салқын самалдың ескені, найзағайдың жарқылы мұның бәрі өз алдына бір әуен. Ал бұған бұлбұл, тоты сынды құстардың сайрағанын қоссаңыз не деген композиция десеңізші.
?Шөлде өмір сүретін бәдәуи сахарада жалғыз тұрса киім жуу, тамақ әзірлеу, егін егу секілді тұрмыстық шаруаларды жалғыз өзі істеуге мәжбүр болады. Ал дәл сол адам қалада немесе белгілі бір елді-мекенде болса, аталмыш іс-әрекеттермен өзгелер айналысып, бұл солардың сервисіне жүгінер еді. Соның нәтижесінде өзі нақты бір іспен шұғылданып, сол істің маманы боп қалыптасуға мүмкіндігі алар еді
✳️Стресс – сырттан келген ыңғайсыз жағдайлардың себебінен адамның қалыпты жағдайдан тыс өзгеше күйі. Былайша айтқанда стресс рухани және физикалық ағзамыздың сыртқы әсерлерге қарсы реакциясы. Қорқыныш, қиял, ақыл және түйсік секілді стерсті де болымды жаққа қолдансақ, ол біздің кемшілігіміз емес, керісінше артықшылығымыз болады.
?Әдетте зекет дегенде ойымызға бірден мал-мүліктен берілетін екі жарым пайыздық мөлшер келіп жатады. Бірақ адам баласына берілген нығмет тек мал-дәулет емес қой. Одан да қадірлі нығметтер толып жатыр. ⠀ ?Адам баласына берілген нығметтердің ең басында ақыл тұрады. Демек ақылдың зекетін беруіміз керек. Әрине бұл өзгелерге ақиқатты жеткізу мен көрсету арқылы жүзеге асады.
☢️Құранда «ислах», «ифсад» сөздері бір-біріне қарама-қарсы ұғым ретінде қолданылады (7/56; 2/220). ⠀ ☢️Ислах – бір нәрсені жақсарту мақсатында жасалған қажыр-қайрат. Ал ифсад болса бүлдіру, бұзу, құрту мағынасындағы сөз. Ислах «қандайда бір нәрсені пайдалы, ыңғайлы ету» мағынасындағы «салах» түбірінен туған сөз.
?Қоғамдағы келеңсіздіктердің көбі надандықан келіп шығатыны белгілі. Бірақ бұл жерде біз айтып отырған надандық математика, астрономия, құқық және әдебиет т.б. салалардан тұратын білімнің (science) антонимі емес. Себебі, бүгінгі таңда көріп отырғанымыздай бұл білім белгілі бір дәрежеде даму алып келгенімен, адамзатты қылмыстан, әділетсізтік жасаудан тосып жатқан жоқ.
?Құрбан – Аллаға жақындау мақсатында жасалатын құлшылықтардың ең айрықшасы. Өйткені ол тек сөзбен ғана айтылып қоймай іспен көрсетілетін амал. Әрі шалған құрбанына қарай да пенде өзінің қаншалықты Жаратушыға жақын екенін байқатады.
▪️Өмір болған соң проблема болмай тұрмайды. Бірі бітсе, екіншісі шығады дегендей. Мұндайда адам жаны қысылады, шығар жол іздеп тыпыршиды. Кейде үміті үзілуге шақ қалып, мұндай стрестен құтылудың жолы жоқ шығар деген ойға ерік береді. Алайда адамда мұндай машақаттан құтылудың жолдары бар. Соның біріншісі – иман.