?Құдайдың қаһарына ұшырап, жаппай жойылып кеткен қауымдардың болғаны Құранда айтылады. Бұлардың басында топан судың астында қалған Нұх пайғамбардың қауымы бар. Бұған қоса Ад, Самуд қауымдары және Лұт қауымы.
▪️Адам бойындағы ең ұсқынсыз қасиеттің бірі – тәкаппарлық. Бұл кісіні Жаратушының құзырында да, адамдар арасында да жағымсыз көрсететін мінез. Бойында тәкаппарлығы бар адам жүрген жерінде жан баласына жуыспайды, айналасына сүйкімсіз болады.
✳️ Негізі жамандық пен жақсылықтың айырмасы айқын. Солай бола тұра неге адамдар ол екеуін ажырата алмай жатады? ⠀ ✳️ Негізі адамдар жамандық пен жақсылықты ажырата алмайды емес, дәлірек айтқанда, жамандықты өзі жасағандықтан жақсыға, ал жақсылықты басқа біреу жасағандықтан жамандыққа балайды.
?Бір отбасында Айдана есімді қыз дүниеге келеді. Оның балалық шағы сондай күшті, қызықты кезеңдер мен ата-анасының, жақындарының махаббатына толы болып өтеді. Бірақ мұндай жағдай ол он жасқа толғанға дейін ғана жалғасады. Не өзгеруі мүмкін деп ойлаған боларсыздар?
?Бір күні Омар ибн Абдулазиздің қызы көзі жасқа толып әкесінің бөлмесіне кіреді. Сол күні мұсылман жұршылығының мейрамы Айт күні болатын. Не болғанын түсінбеген халифа таңырқап қызының не үшін жылағанын сұрайды. Сонда қызы: «Көшедегі барлық балалар сəнденіп жаңа киімдерін киіп шығыпты, ал мен халифаның қызы болсам да əлі тозығы жеткен ескі киіммен жүрмін», – дейді.
?Балақай әкесінің соңғы берген ақшасын уақытынан ерте жұмсап қойып, міне біраз күн болды, доп алуға керек ақшаны жинай алмай жүрген еді. Бірер аптадан кейін басталатын жазғы демалыс оның көңілін жай таптырмай, ақша жинаудың басқа да көздерін іздеуге құлшындыра түсуде. Үйлеріне келген соңғы журналдан «әрбір қызметтің ақысыз болмайтындығын» оқи сала қуаныштан малақайын аспанға атты. Бұдан түйгені: ата-анасына көрсеткен әр көмегінің ақысы болатыны.
?Технологияның қарқынды дамыған және адамзаттың барған сайын көптеген дүниеге құдіреті жете түскен осынау заманда құдайға құлшылық жасап, мінәжәт қылып жүрген адамның ісін ескінің әдеті, түкке пайдасы жоқ құр әуре секілді көру – заманауи трендтердің бірі болып келеді. Осы түсініктің қалыптасып, қоғамға тарауында екі негізгі қателік бар.
?«(Олар) намаздарын кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқитын және зекетті толық беретін мүміндер» (5/55). ⠀ ?Құран Кәрімде Аллаға шынайы иман келтірген мүмін құлдардың бірқатар ізгі сипаттары баяндалған. Сондай сипаттардың бірі – мүміндердің намаз оқып, зекет беретіндігі. Бір қызығы Құранды оқып отырсаңыз, дәл осындай аяттар көп кездеседі. Яғни, намаз бен зекет қосақтала қатар айтылады. Мұның хикметі неде?
▪️Ертеде Антакия жеріне тура дінді жаю үшін үш елші келеді. Халықты туралыққа, әділдікке, бір Құдайға құлшылық етуге шақырады. Ал жергілікті халық болса елшілерді шеттетіп, тіпті бұл істерін жаман ырымға балап елден кетпесе тасборан болатындығын айтады.