? Айша (р.а.) анамыз Пайғамбарға (с.а.с.) «Амалдардың ішіндегі Аллаға ең ұнамдысы қайсы?» деп сұрақ қойылғанын жеткізеді. Ол кісі: «Аз болса да жалғасты түрде үнемі жасалғаны» – деді және «Шамаларың келетін істермен шұғылданыңдар» – деді. (Бұхари) ⠀ ? Адам баласының үнемі жетіліп отыруы, алға жылжуы өте құптарлық іс. Алдына үлкен мақсат қойып, оған талпынуы ? адам өмірін баянды етеді.
?Алла тағала шайтаннан «Адамға сәжде ет» деген бұйрығымды орындауыңа не кедергі болды деп сұрайды. Сонда Ібіліс: «Мен одан артықпын» деп жауап береді. Сосын осы сөзін дәйектеу үшін мына аргументті көлденең тартады: «(Себебі) Мені оттан, ал адамды топырақтан жараттың» дейді.
?Қызғаныштан арылу оңай шаруа емес. Дегенмен бұл рухани дертті емдеу керек. Себебі тамыры тереңге кетіп, асқынса небір түрлі қастандықты тудырып, ұзаққа созылатын дұшпандыққа ұласады. Енді мұны емдеудің кейбір тәсілдерін ұсынып көрейік: ⠀ ?Адам қызғаныштың рух пен тәнге, денсаулыққа тигізер зиянын жиі есіне алып, ой таразысына салса одан арыла бастауы ықтимал.
? Мұсылманның ұраны – адамзаттың бақытты өмір сүруі үшін өмірін пида ету. Шынайы бақытты, жүрек тыныштығын екі дүниеде де шаттыққа толы өмірді имансыз елестету қиын. Демек мұсылманның алғашқы миссиясы – иманға қызмет жасау.
?«Әнфәл» сүресінің 24-аятында Жаратушы: «Уа, иман еткендер! Алла елшісі сендерді өздеріңе өмір сыйлайтын нәрсеге шақырғанында, Алла мен елшісінің шақыруын қабыл алыңдар…», – деп бұйырады. ⠀ ?Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамзатқа өмір сыйлайтын тағылымдары өте көп.
?Досы көпті жау алмайды Ақылы көпті дау алмайды ⠀ ?Адам өмірін дос пен достықсыз елестету мүмкін емес. Досы мен достығына қарап адамға баға беруге болады. Досына қарайтынымыз оған көп әсер ететін басқа біреудің бола қоюы кемде кем. Достығына қарап жақын адамдарына жасайтын мәмілесін білуге болады.
?Әр нәрсенің өлшемін білу, асыра сілтемей не кем қылмай дәл жасау оңай шаруа емес. Десе де адам сондай бір биік межеге тырысып өмір сүруі керек-ақ. Сонда ғана прогресс, алға жылжу болады. ⠀ ?Соңғы ғасырларда мұсылман әлемінің дамудан кенже қалуына әсер еткен көп факторлардың бірі – дүние, ақырет жайлы түсінігі.
?«Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» деген Құран аяты, санасы ояу әрбір адамға білу мен білмеудің, даму мен артта қалудың, даналық пен надандықтың арасындағы айырмашылықты өте керемет баяндаған. Ал білудің ең негізгі себептерінің бірі – кітап оқу. Себебі, кітаппен дос бола білген адам өмірде ешқашан, еш нәрседен ұтылмайды.
?Егін салу, үй тұрғызу немесе қандайда бір жақсы істі жасау күш-қуатты, еңбекті қажет етеді. Ал жайқалып тұрған егінді ойрандау, салынған үйді бұзу немесе жамандық жасау ешқандай қайрат-жігерді талап етпейді. Оған білім де керек емес. Ал жібі түзу шаруа жасау үшін адамға БІЛІМ қажет болады.